Автопилоттағы Tesla көлігі "қуып кетті"

Видеода Тесла бағдаршамды тиеген жүк көлігінің артында келе жатады. Алайда, жүйе бұл бағдаршамдарды жарамды деп қабылдайды.

Шетелдік БАҚ автопилот бағдарламасына қосылған Tesla Model 3 көлігінің ерекше ақауы түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде көліктің автопилот жүйесінің сәтсіздікке ұшыраған күйі түскен видео тарауда. Ол көптің күлкісін туғызды. Видеода Тесла бағдаршамды тиеген жүк көлігінің артында келе жатады. Алайда, жүйе бұл бағдаршамдарды жарамды деп қабылдайды.

Тесла бағдаршамның сұлбасын көріп, оны көшедегі деп қабылдап алады, ал ол болса, жүк көлігінің артына тиелген қолданыстағы емесі болатын. Алайда жүйе ақпаратты қате оқыды, бұл Tesla Autopilot қазір даму кезеңінде, сондықтан ол жүргізушілерге тек көмекші жүйесі ретінде болып қала беретіндігін тағы бір еске салады. Бұл толыққанды автопилот жүйесі болып табылмайды, жүргізушіні көлік құралын басқару жауапкершілігінен босатпайды, - деп жазады Itc.ua басылымы.

Автотилот әртүрлі нысандарда жұмыс істемейтін бағдаршамдарды танып, осындай қателікке жол бергені туралы хабарламалар бұрын да болғандығы атап өтіледі. Мысалы, Reddit сайты Tesla автопилотының қызыл және қызғылт сары түсті тігінен жазылған Coop жазуындағы жалаушаны бағдаршам ретінде қабылдаған қателігін тіркеген видеоны жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: