Жансая Әбдімәлікке "Дара" ордені табысталды

баспасөз қызметі
Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, оны кәсіби жетістігімен жеке құттықтап, Шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі – "Дара" орденін табыстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан шахмат федерациясы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті ең жоғары шахмат атағын – халықаралық ерлер гроссмейстері атағын орындауымен, сондай-ақ Гибралтарда өтетін "FIDE Women`s Grand Prix" (FIDE әйелдер гран-при сериясының қорытынды кезеңі) беделді шахмат турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетуімен қуана құттықтайды.

Әрине, бұл Қазақстан Республикасы үшін айтулы оқиға! 21 жастағы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ерлер гроссмейстері атағына ие болған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ алғашқы Орталық Азия өкілі атанды.

Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды