Қазақстан мектеп директорлары жаңартыла ма? Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ротация жасасақ, мектептердегі сыбайлас жемқорлық азаяды деп ойлау аңғалдық. Бұл - мәселені шешу механизмдерінің бірі ғана.
Ротация бірнеше ондаған жылдар бойы бір директор басқарған кейбір мектептер үшін қолданылады. Жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін, директоры 60 жаста, оның үстіне сол мектепте кем дегенде 30 жыл жұмыс істеуі мүмкін, бірақ соған қарамастан бұл өте тиімді жағдай болады. Әрине, бұл сирек кездесетін ерекшелік. Негізінде практика көрсеткендей, кадрлар жаңартып отыру өте маңызды, - деді Аймағамбетов Antikor Live сайтында тікелей эфир барысындағы сұқбатында.
Сонымен бірге, ол барлық мектеп директорлары жұмыстан шығарылмайтынын және ауыстырылмайтынын атап өтті. Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ.
Көпшілік ертең бүкіл елдегі барлық 7 500 директорды бір күнде кенеттен өзгерте салатын секілді айта бастайды. Біріншіден, жоқ, бұлай болмайды. Екіншіден, ешкім Павлодар облысынан Қарағанды облысына немесе Қарағандыдан Түркістан облысына адам жібермейтіні анық, себебі бұл мәселе әлеуметтік пакет, отбасы, тұрғылықты орын мәселесі және тағы басқаларды тудырады. Біз бұл арада тек бір әкімшілік аумақтық шеңберіндегі мәселені сөз қылып жатырмыз, - деп түсіндірді министр.
Қазіргі уақытта мәселе талқылануда, өйткені көптеген нюанстар бар. Халықаралық тәжірибе зерделенеді, барлық оң және теріс жақтары қарастырылады, содан кейін ғана соңғы шешім қабылданады.
Біз бұл механизмді кейбіреулердің жеке мүддесіне сай шешу үшін қолдануға себеп пен мүмкіндік бермеуіміз керек. Мұнда да әртүрлі жағдай бар. Біз мұның бәрін түсінеміз. Біз қазір әріптестерімізбен директорлардың ротациялау ережелерін ғана талқылап жатырмыз. Бірақ ротация институты өз алдына қажет. Ең бастысы, біз оны ұтымды әрі тиімді қолдана алатын болуымыз керек, - деп сөзін қорытындылады ол.