Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейден асып кетті - Есеп комитеті

zakon.kz
Годунованың айтуынша, мемлекеттік қарыз жыл сайын өсуге бейім болып алған.

Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі ЖІӨ-нің 29,4% құрайды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осы негіздегі алаңдаушылығын Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Годунованың айтуынша, мемлекеттік қарыз жыл сайын өсуге бейім болып алған.

Сонымен қатар, Есеп комитеті соңғы жылдары ескертіп жүрген қауіп-қатер тәуекелдері орын алып жатыр. Қазір бұл 20,6 трлн теңгені құрайды. Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 29,4% -ке жетті әрі Жаңа фискалдық саясат тұжырымдамасында белгіленген 27% шегінен асты. Естеріңізде болар, 2014 жылға дейін мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейі ЖІӨ-нің 22% құрады. Бірақ ол жоғарылатылды. Оған негізді біз ол кезде байқамадық. Осыған байланысты қазіргі 29% жоғары деңгей болып саналады, - деді ол.

Сонымен қатар Есеп комитетінің басшысы жергілікті атқарушы органдар қарызының күрт өскенін, яғни 5 есеге артқанын айтты. Ол осы жылдың басында 1,1 трлн теңгені құраған, ал 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 217 млрд теңге.

Әзірге, бұл бекітілген 1,6 трлн теңге лимиттің шегіндегі көлем, бірақ бұл да болашақта тәуекел тудырады, - деп сөзін қорытындылады Годунова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі