Интернеттен бетпердеге жабысқан "құрттардың" патенті табылып, ел айран-асыр

Моргеллон құрттары – бұл бар екендігі дәлелденбеген аурудың болжамды қоздырғыштары.

Қазақстандықтар желіде биологиялық қару болып табылатын моргелон құрттарына берілген патенттің мәліметін жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұны көріп алған желі қолданушылары бұл құжат маскаларда және ПТР тест жиынтықтарында кездесетін қауіпті құрттар туралы хабарламаларды растайды деген тұжырымға келген. Ал шындығында бұл фейк ақапарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

"Моргеллон құрттары – бұл бар екендігі дәлелденбеген аурудың болжамды қоздырғыштары. Моргеллондардан зардап шектім деп санайтын адамдар қышуды және жәндіктердің шағуын сезінеді. Ғылыми қоғамдастықта бұл жағдайдың шынайы немесе психикалық бұзылулардың белгісі болып табылатын галлюцинациялар екендігіне қатысты ортақ пікір жоқ", - дейді сарапшылар.

Шын мәнінде, US6245531B1 патенті стероидты гормондарды жәндіктерге қолдану әдісін сипаттайды. Бұл олардың тіршілік ету белсенділігін бақылау үшін қажет. Идея авторларының пікірінше, бұл әдіс зиянды пестицидтерді қолданбай ауылшаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды едәуір жеңілдетеді.

"Құжатта моргеллондар туралы да, биологиялық қару туралы да сөз жоқ. Онда сипатталған технология әзірлемені адамдарға қолдануға жол бермейді, өйткені онда бунақ аяқтылардың эндокриндік жүйесі шығаратын экдизон гормоны туралы айтылады. Олардың ағзасындағы экдизон қабық тастауға жауап береді. Ол адамдарға мұндай әсер ете алмайды", делінеді ресми жауапта.

Демек, Желіде табылған патенттің моргеллондарға да, биологиялық қаруларға да ешқандай қатысы жоқ. Онда жеміс шыбындары сияқты жәндіктер зиянкестерінің тіршілік ету циклін бақылау әдістері сипатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: