Жинақтың белгілі бір бөлігін пайдалану БЖЗҚ-ның инвестициялық портфеліне қалай әсер етті

Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинақтарының белгілі бір бөлігінің көлемі 1,4 трлн теңгені құрады.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың БЖЗҚ инвестициялық портфелінің сапасына әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ең алдымен, осы жылғы бес айдың қорытындысы бойынша 3,5% инфляция кезінде зейнетақы активтері кірістілігінің 5,3% болғанын атап көрсеткім келеді. Осылайша, БЖЗҚ салымшылары үшін 1,8% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілген, - деді ол.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу және жеке компаниялардың басқаруына беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға құқық берілгенін, биылғы жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша мерзімінен бұрын алу көлемі 1,4 трлн теңге болғанын еске салды.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану басталған сәттен бері біз ай сайынғы алу көлемінің азайғанын байқап отырмыз: биылғы жылғы ақпанда 643 млрд теңге, наурызда 302 млрд теңге, сәуірде 283 млрд теңге және мамырда 179 млрд теңге болды. Осы жинақтарды алу БЖЗҚ инвестициялық портфелінің сапасына әсер етпейді, себебі ол негізінен қаржы құралдары бойынша өтеуден және салымшылардың жарналарынан түсетін шоғырландырылған ақша қаражаты есебінен жүзеге асырылады, - деді ҚР Ұлттық банк төоағасының орынбасары.

Бұл ретте Ұлттық Банк валюталық портфельді түрлендіру үшін белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда, оның үлесі биылғы жылғы мамырдың соңында зейнетақы активтерінің 32%-ын немесе шамамен 9,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Жүргізіліп отырған жұмыс шеңберінде осы валюталық портфельдің құрылымын активтердің неғұрлым кірісті сыныптарына инвестициялауды арттыруды көздейтін активтерді белгіленген стратегиялық нысаналы бөлуге келтіру мақсатында валюталық қаржы құралдарымен операциялар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, валюталық портфельдің 25%-ға дейінгі бөлігін жаһандық акцияларға, 25%-ға дейінгі бөлігін дамушы елдердің облигацияларына, сондай-ақ 20%-ға дейіні бөлігін инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға инвестициялау жоспарлануда, деп түсіндірді Молдабекова.

Ол, жалпы валюталық портфельдің активтерді белгіленген стратегиялық бөлуге өтуі инвестициялардың географиясын және қаржы құралдарының ауқымын кеңейте отырып, құрылымдық әртараптандыруды жақсартуға, сондай-ақ инвестициялық портфельдің сапасын, оның өтімділігін және ұзақ мерзімді болашақта зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: