Өзбектің гейлері мен транстары Қазақстанға кеп тұрмасын

ztb.kz
Ташкентте белгісіз адамдар ЛГБТ белсенділері деп ойлап, k-pop музыкасының жанкүйерлеріне шабуыл жасаған.

Өзбекстан парламентінің депутаты, "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") партиясының лидері Алишер Кадыров ЛГБТ өкілдерін азаматтықтан айырып, елден депортациялау керек деген ұсыныс жасады.

Бұл туралы Eurasianet басылымы хабарлады, дейді centralasian.org.

Кадыров Alter Ego атты YouTube каналға берген сұқбатында ЛГБТ өкілдерін азаматтықтан айырса, оларға басқа елдерден саяси баспана беріледі дейді.

Осы ұсынысымды әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін маған ондаған адам хабарласты. Олардың бәрі ЛГБТ өкілдері. Олар "бұл жақсы ұсыныс, біз виза ала алмай келеміз" деді. Әлемнің 26 мемлекетінде ЛГБТ өкілдерін елден шығару шаралары қолданылады. Мысалы, Иран мен Сауд Арабиясында оларды өлім жазасына кеседі, - деді Кадыров.

Өзбекстан билігі Қылмыстық кодексте біржынысты қатынас үшін жаза қарастырылған бапты алып тастау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсынысын қабылдамай келеді.

Human Rights Watch ұйымы биыл наурызда жасаған баяндамасында Өзбекстандағы ЛГБТ өкілдері физикалық және психологиялық шабуылға тап болатынын атап өткен.

28 наурызда Ташкентте белгісіз адамдар ЛГБТ белсенділері деп ойлап, k-pop музыкасының жанкүйерлеріне шабуыл жасаған.

Сонымен бірге билікті Қылмыстық кодекстен "Гомосексуализм" бабын алып тастауға шақырып жүрген блогер Миразиз Базаров өз үйінің жанында соққыға жығылған.

Оны ұрғандар табылмады. Керісінше өзіне "Жала жабу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі