Президент экспорттық бағыттағы несиені субсидиялауды ұсынды

MAMA.md
Президент экспорттаушылар ол ақшаға бюрократтық кедергісіз тез қол жеткізіп, сонымен бірге оны ақылға сай әрі есеппен жұмсай білуі керек деп атап өтті.

Шетелдік инвесторларымен кездесуінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экспорттық бағыттағы несиелерді субсидиялауды бастауды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазақстан әлемде кеңінен қолданылатын экспорттық несиелерді субсидиялау құралын әлі қолданбай отыр. Оны жақын арада экспортты қолдау құралдарының қатарына қосу керек. KazakhExport-тың экспортын қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы үшін дұрыс реттеу режимін қамтамасыз ету қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент экспорттаушылар ол ақшаға тез және бюрократтық кедергісіз қол жеткізіп, сонымен бірге оны ақылға сай әрі есеппен жұмсай білуі керек деп атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы экспорттық тауарлардың географиясын кеңейтуді тапсырған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы