Қапшағайдың суы тағы тартылуы мүмкін

stopfake.kz
Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде су аздығы байқалады, ал бұл аймаққа барлық суармалы судың 97% - ы тиесілі.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі егістік алқаптарын суаруға қатысты күрделі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Экология министрінің айтуынша, биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде су аздығы байқалады, ал бұл аймаққа барлық суармалы судың 97% - ы тиесілі.

Алматы облысы Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі өзен бассейндерінде жауын-шашын нормадан 39 пайызға аз, ал шағын және орта су қоймаларының толымдылығы вегетациялық кезеңнің басында 75-80% - ды құрады. Жамбыл облысы Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде су деңгейі 20-25% - ға төмен. Себебі бұл өзендердің бүкіл ағыны Қырғызстан аумағында қалыптасады, ол жақта да су аз болғандықтан мемлекетаралық су объектілері бойынша келісілген көлемді алу қиындады, - дейді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша,Түркістан және Қызылорда облыстарында Сырдария өзеніндегі су деңгейі Тоқтоғұл су қоймасының толтырылуына байланысты. Биыл бұл су қоймасының көлемі соңғы 5 жылдағы ең төмен көрсеткішті көрсетті.

Алматы облысында 2020 жылы Қапшағай су қоймасы бойынша күрделі жағдай қайталануы мүмкін. Осыған байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдау маңызды, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетсек, 2020 жылы желіде Қапшағай су қоймасындағы судың тартылып кеткені туралы видео тараған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады