Маңғыстауда "Полиция барысы – 2021" турнирі өтті

polisia.kz
Барлығы жарысқа 65 қатысушыдан тұратын 16 команда қатысты. Олар екі түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Маңғыстауда “Полиция барысы – 2021” турнирі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың нұсқауымен Қазақстан полициясы күніне орай 11 маусым күні Полиция департаментінің “Динамо” спорт кешенінде “Полиция барысы – 2021” турнирі өтті. Бұл жарыстың қатысушылары – құқық қорғау органдары қызметкерлері мен облыстың өзге де күш құрылымдары. Барлығы жарысқа 65 қатысушыдан тұратын 16 команда қатысты. Олар екі түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Турнир салтанатты түрде ҚР Ұлттық ұланы 6 656 әскери бөлімі оркестрінің орындауындағы әнұранмен ашылды. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев алғы сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа төрешілік еткен Маңғыстау облысы “Қазақ күресі” Федерациясы өкілдері болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Олар Полиция департаменті және “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының алғыс хаттарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

80 келіге дейінге салмақ дәрежесінде турнирдің чемпионы Полиция департаменті атынан қатысқан Талғат Қуанай атанса, ІІ-орынды Қуандық Орынбаев, ІІІ-орынды Базарбаев Жанболат (Маңғыстау ст. ЖПБ) иеленді. Ал, 80 келіден астам салмақ дәрежесінде І-орынды Асхат Аманов иеленіп, ІІ және ІІІ орындармен сәйкесінше ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Қуанышбаев Ақылбек және Сапарбай Самат марапатталды.

– Мұндай көлемді шараны өткізудегі басты мақсатымыз – қазіргі күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресін дәріптеу және ұлттық спорт түрлерін ұмыт қалдырмау болып табылады. Жарысқа барлық қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, барлық күш-жігерлерін салғандары байқалып, жеңіске деген жігерлерін танытқан барша қатысушылардың нәтижелері көңілімізден шықты, – деп атап өтті Алтынбек Қалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін