Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастады.
2007-2009 жылдары – "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да жұмыс істеді.
2009 жылы – "Kazsatnet" АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі.
2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап сот жүйесінде жұмыс істейді.
2016-2019 жылдары Алматы қаласы бойынша соттар әкімгерінің басшысы болды.
Қазіргі тағайындауға дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы филиалының директоры болып қызмет етті.