ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарын жүзеге асыру жайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Жоба республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де қаржыландырылатын болады. Оның 22 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 60 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Тиісті техника мен жабдықты сатып алуға қаражат қажет, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұл ақшаға тракторлар, ағаш отырғызу машиналары, қопсытқыш құралдар сатып алынады. Көгалдандыру материалын өсіруге арналған питомниктердің аумағы ұлғайтылды.
Биылғы көктемде 21 600 гектар аумаққа 81 миллион 500 мың ағаш отырғызылды. Күзде отырғызалтын көлем 48 миллион 200 мың ағашты құрайды. Жыл сайын отырғызылатын ағаштардың саны өсіп отырады. Сонымен, келесі жылы шамамен 244 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. 2023 жылы - 411 миллион, 2024 жылы - 573 миллион, 2025 жылы - 643 миллион ағаш, - деді ол.
Министрлік бұл ақшаға сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қарағаш және қайың ағаштарын отырғызуды жоспарлап отыр.