Назарбаев "Лукойл" компаниясының басшысын қабылдады

total.kz
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

ҚР Тұңғыш Президенті - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев пен "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сіздің компания - Қазақстанда бұрыннан келе жатқан әрі ірі инвестордың бірі. Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарында жұмыс істейсіздер, Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымдық жобасына қатысудасыздар", - деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқару кеңесінің төрағасы.

Вагит Алекперов Елбасыға бірлескен жобалар, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына бағытталатын инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін