Вакцина өндіретін зауыт күзде іске қосылады - Цой

zakon.kz
Ол зауыт Қазақстанды да, шет елдерді де коронавирус вакциналарымен қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт күзде жұмыс істей бастайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақын арада іске қосылады, тамыз-қыркүйек айларында деп күтіп отырмыз. Негізінде пайдалануға беру жұмыстары аяқталды, жабдық қазір валидациядан өтіп жатыр және Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша барлық күнделікті тіркеу процедуралар жүргізіліп жатыр. Күзге дейін бұл зауыт іске қосылуы керек және оның қуаттылығы біртіндеп кеңейеді деп ойлаймыз, - деді министр ОКҚ-да өткен брифингінде.

Ол зауыт Қазақстанды да, шет елдерді де коронавирус вакциналарымен қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Отандық вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы Жамбыл облысында 2020 жылдың маусым айында басталды. Зауыт 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастауы керек еді. Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зауытты сынақ режимінде іске қосу маусым айына жоспарланғанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды