COVID-19-ға қарсы күрес: 355 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды

zakon.kz
Дағдарысқа қарсы бөлінген 6,9 триллион теңгенің 4,5 триллионы тексерілді, оның 2 триллионына аудит жүргізілді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті COVID-19-ға қарсы күреске жұмсалған бюджет ақшасын пайдалануда 355 миллиард теңгенің бұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы осы комитеттің басшысы Наталья Годунова ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Годунованың айтуынша, дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты пайдалануына қатысты бірқатар мәселе бар.

6,9 триллион теңгенің 4,5 триллионы тексерілді, оның 2 триллионына аудит жүргізілді. 355 миллиардтың заң бұзушылықтары анықталды, тағы 243 миллиард үкіметпен бірлескен жұмыс барысында қайта бөлініп, таратылды, - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету шаралары сынға ұшырайды.

Жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде ұстап қалғанымызға қарамастан, бастапқыда жұмыспен қамтылуға жұмсалған шығындардың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталған, оның орташа уақыты 1 - 3 айды құрады, деп қоса кетті Есеп комитетінің төрайымы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды