Павлодарда "ERTIS" футбол клубының директоры сотталды

zakon.kz
Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ERTIS" футбол клубы" қоғамдық қорына қатысты бюджетке салықтарды төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 2019 жылы "ERTIS" футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 млн. астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірді.

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

ҚМА ҚР ҚК-тің 245-бабына сәйкес бюджетке салықтарды және өзге де төлемдерді өтеуден жалтару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды