Алдағы Парламент отырысында Үкіметтің есебі қаралады

Ж.Құспанов
Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро отырысында Нұрлан Нығматулин алдағы уақытта өтетін Парламент палаталардың бірлескен отырысына назар аударып, онда Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста депутаттар қарауына сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Депутаттар әзірлеген заң жобасы кәсіби көрсетілетін сот-сараптамалық қызметтердің бәсекелес нарығын дамыту үшін жағдай жасай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, депуттаттарға зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтуге және зияткерлік меншік саласындағы дауларды объективті шешу үшін жағдай жасауды көздейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті