Қазақстан бес айда 850 млрд теңгенің азық-түлігін өндірді – АШМ

Agro press
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 46,8%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша – қаңтар -мамырда азық-түлік өндірісі 3,3% - ға өсіп, 851,6 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде қызылша қантын өндіру көлемінің шамамен 30%-ға (5,5 мың тоннадан 7,1 мың тоннаға дейін), өңделген күріштің 24%-ға (71,2 мың тоннадан 88,3 мың тоннаға дейін), жарманың 18,7%-ға (34,6 мың тоннадан 41,1 мың тоннаға дейін), сары майдың 16,5%-ға (9,0 мың тоннадан 10,5 мың тоннаға дейін), өсімдік майының 11,9%-ға (185,4 мың тоннадан 207,5 мың тоннаға дейін), ұнның 9%-ға (1 235,6 мың тоннадан 1 347,4 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбенің 8,7%-ға (13,6 мың тоннадан 14,7 мың тоннаға дейін), өңделген сүттің 3,3%-ға (244,7 мың тоннадан 252,7 мың тоннаға дейін) дейін артқан.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 46,8%(213,8 млрд.теңгеге), тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 24,1%-ға (35,6 млрд теңгеге дейін) өсті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1%-ға артып, 1,1 трлн теңге құрағанын айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды