Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

видеодан алынды
Бұл іс-шара Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.

Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы ПД басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің дербес бөлімшелері болды, деп хабарлайды zakon.kz.

– Шынымды айтсам, бұл біздің қызметкерлердің тауға алғашқы сапары емес. Кәсіби болмаса да, бірақ жоғары сапалы әуесқой деңгейінде болды. Жол оңай болған жоқ, тұман мен жаңбыр да белгілі бір қолайсыздықтарды тудырды. Бірақ, шыңға шыққандардың алдында жалғыз мақсат болды – қашықтықты соңына дейін және барлық құраммен жүріп өту. Шыңға көтерілгеннен кейін Қазақстанның әсем Туы дәстүрлі түрде желбіреді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Ол бұл іс-шара Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын еске салды. Бұл жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды