Экс-депутат Тарас Киікбайұлы өмірден озды

Мәжілістің баспасөз қызметі
Тарас Киікбайұлы соңғы жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ омбудсмені болып жұмыс істеген

21 маусымда көптен бері сырқаттанып жатқан 58 жастағы VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хитуов Тарас Киікбайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тарас Киікбайұлы соңғы жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ омбудсмені болып жұмыс істеген

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар атынан орны толмас қайғыға ұшыраған марқұмның отбасына, туған-туыстарына және достарына көңіл айтып, шын жүректен өкініш білдіреді.

Тарас Киікбайұлы Хитуов Қазақстанның заңнамалық базасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты. Керемет адам, сенімді дос, өз Отанының патриоты ретіндегі оның жарқын бейнесі таныстары мен бірге жұмыс істеген әріптестерінің барлығының жадында мәңгіге сақталады, - деді Мәжіліс төрағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды