Дельта-штамм. Мамин Нұр-Сұлтанда қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

Елорда әлі де "қызыл" аймақта, күніне тіркеліп жатқан жағдайлардың саны да азаймай отыр. Бұл қабылданған шаралар мен вакциналаудың жеткіліксіздігін көрсетеді - Мамин.

Премьер-министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнді штамына байланысты ведомствоаралық комиссия отырысын өткізуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, елордада коронавирустың үндінің "дельта штамына" тән мутация ықтималдығы анықталды, ол инфекцияның жоғары деңгейімен, қарқынды дамуымен және одан да ауыр зардаптарымен сипатталады. Бүгін Нұр-Сұлтанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін атап өтті. Ауруханалардағы төсек-орындардың қамтылу деңгейі 25%, ал қарқынды терапиядағы 21% құрайды.

Елорда әлі де "қызыл" аймақта, күніне тіркеліп жатқан жағдайлардың саны да азаймай отыр. Бұл қабылданған шаралар мен вакциналаудың жеткіліксіздігін көрсетеді, деп атап өтті Премьер-министр.

Жалпы, көптеген өңірлер "жасыл" аймақта, бес өңір - "сары" аймақта. Бірінші компонентпен 2,8 миллионнан астам адам, екінші компонентпен 1,7 миллионнан астам адам егілді.

Қазақстандағы жалпы жағдай тұрақты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлап барады. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуына және вакциналау қарқынын арттыруға назар аудару қажет, деп тапсырды ол.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда үндінің "дельта-штамы" анықталғанын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: