Тойға, асқа рұқсат жоқ. Павлодар облысы бас сандәрігерінің қаулысы жарияланды

Барлығы облыс бойынша аруханаларда коронавирустан жеті адам емделуде.

22 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінде эпидемиологиялық жағдай, вакцинацияны жүргізу барысы және карантиндік шектеу шаралары туралы 14-Қаулыны түсіндіру бойынша баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, жаңа қаулыға сәйкес, отбасылық, той, банкет, мерейтойлар, корпоративтік, ұжымдық, салтанатты іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ караоке, қорқор тарту, букмекерлік, ойын-сауық және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынады.

Өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің айтуынша, коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта.

- Өткен тәулік ішіне COVID-19 43 адам жұқтырған, олардың сегізі симптомдарсыз. Өткен апта ішінде 289 адам коронавирусқа шалдықса, оның алдындағы аптада 313 адам COVID-19 жұқтырған. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың саны 12,2 процентке төмендеген, - дейді Батырбек Әлиев

Барлығы облыс бойынша аруханаларда коронавирустан жеті адам емделуде.

Вакцинаның 1-компонентін тұрғындардың 13,6 проценті, 2-компонентін – 8,9 проценті қабылдаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: