"Алтын Орда" маңындағы бір көпір шілдеде ашылады

kolesa.kz
Жолайрықты асфальттау жұмысы басталды.

Нысанда 100-ге жуық маман мен 15 арнайы техника екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмысшылар "таға" тәрізді эстакаданың жүргін бөлігіне асфальт төсеп, негізгі магистральды эстакадаға бетон құюды бастады. Онда жарықтандыру жұмысы аяқталып, қозғалыс ашылды. "Таға" тәрізді жол шілдеде ашылып, қолданысқа беріледі. Ал жалпы нысан құрылысын 2021 жылы қазан айында аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, "Алтын Орда" базарының жанындағы төрт шақырым жол әр бағытта бестен он жолақты болады. Жоба бойынша:

"таға" тәрізді бұрылма эстакаданың құрылысы;

Абай ауылынан шығар жерге эстакада мен айналма жол;

Асыл Арман" шағынауданынан шығуға және бұрылуға арналған эстакада (шығысқа қарай);

"Апорт" СО, "Алтын Орда" СО, Асыл Арман мен Райымбек ауылы маңына жол үсті өткелдері салынады.

Жобаны аяқталу мерзімі жер телімін сатып алуға қатысты мәселе туындағандықтан, бірнеше рет кейінге қалдырылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселесі бойынша өткен жиналыста жол жөндеушілердің жүмысын сынап, құрылысты биыл күзде аяқтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды