Біртанов сотта ең ауыр сұраққа жауап берді

РИА Новости
Пандемия кезіндегі қасіреттің бірі - жасанды тыныс алу аппараттарының жетіспеуі, салдарынан көптеген науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "СК-Фармация" ісі бойынша сот процесінде төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелерде жасанды тыныс алу аппаратының жетіспеушілігі себебін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"СК-Фармация" ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды сатып алумен айналысады. Медициналық жабдықтарға келетін болсақ, "СК-Фармация" онымен айналыспайды. Ауруханалар оны тікелей өздері алады, - деді Елжан Біртанов Есіл аудандық сотында жауап алу кезінде.

Алайда, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті органының шешімі бойынша, "СК-Фармация" осындай медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ретінде анықталуы мүмкін, бірақ 2020 жылы ЖШС оттегі концентраттары мен аппараттарды сатып алмаған.

Мұндай тапсырма болған жоқ. Бұл құрылғыларды әрқашан ауруханалардың өздері сатып алады. Әдетте, орталықтандырылған сатып алу әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады. Тек белгілі және ерекше жағдайларда СКФ сатып алуды ұйымдастырушы бола алады, - деді бұрынғы министр.

Судья Қанат Дүйсембиевтің төтенше жағдай кезінде жасанды тыныс алу аппаратының жетіспеушілігін тудырған себептер туралы сұрағына куәгер былай жауап берді: аурудың күрт өсуіне сай төсек-орындар мен жасанды аппараттар көлемі дұрыс есептелмегендігі себеп.

Пандемия жағдайында біз белгілі мөлшерде бос төсек-орын мен жасанды тыныс алу аппараттарын резервте ұстауымыз керек болды, бірақ оның көлемі туралы әлемнің ешбір елі көз алдына елестетіп, болжай алмады, бұл түсініксіз жайт еді. Әрине, біз аурудың өршуін болжап, білдік, ол ойда болды. Біздің ғалымдар жасаған болжамдар, сценарийлер осы үшін қажет еді, яғни сұраныс көлемін болжау үшін... Маусым айының соңында күрт өсім болды, содан кейін біз қалыптастырған қорлар жеткіліксіз екені аян болды. Бірақ объективті себептер болғанын ешкім естігісі келмеді. Мұндай жағдайды ешкім болжамады, аса өткір қажеттілік болады деп күткен жоқ. Біз төтенше жағдай кезінде, мен ауру жұқтырып, жұмыстан шығып қалғанға дейін бұл жағдайды күн сайын мониторингіден өткізіп отырдық. Біз қай жерде қанша дәрі-дәрмек барын біліп, көріп, осының бәрін мониторингілеп отырдық. Неліктен кейін бұл іс тоқтатылды, ол жағын айта алмаймын, - деп түсіндірді Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты