Қазақстанда локдаун болмайды - Тоғжанов

pixabay.com
Коронавирустың "үнді" штаммы қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында анықталған.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустың "үнді" штамының анықталуына байланысты Қазақстанда локдаун жарияланбайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін, ведомствоаралық комиссияның отырысында біз шектеулер туралы ұсыныстарды алға тартқан болатынбыз. Бұдан арғы жағдайды эпидемиологиялық ахуал анықтайды, - деді Ералы Тоғжанов ӨКҚ-да өткен брифингіде.

Коронавирустың "үнді" штаммы қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында анықталған.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осы штамды жұқтырған науқас туралы айтқан болатын.

22 маусымда ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантиндік режим бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады