Қазақ-қырғыз шекарасында КВИ науқастың анықталуына байланысты бақылау-өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
КВИ жұқтырған қазақстандық Қордай шекара бекеті арқылы елге келді. Пункт бастығының бұйрығымен бекетті уақытша жабу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
22 маусымда Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қордай" орталық бекетінде көрші елден келген COVID 19-бен ауыратын науқас анықталды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары бұл фактіні Қордай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығына және Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлады.
Осыдан кейін науқасты және оның жақын байланыста болған адамдарын оқшаулау бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Азаматтар шекара бекетінің аумағында орналасқан изоляторға орналастырылды. Кейінірек санэпидқызметінің мамандары жедел жәрдем шақырды.
Бастықтың бұйрығымен Қордай бекеті уақытша жабылды. Дезинфекциялаушылар мекеме ғимаратын өңдеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Мекеме зарарсыздандырылғаннан кейін бекет жұмысына қайта кірісті.
Жылдың басынан бері Жамбыл облысының мемлекеттік шекарасы арқылы 185 050 адам өткен, олардың 23-інен COVID-19 анықталды.