Тоқаев шенділердің жемқорлығы жайында: Арам ой емес, жәй қателікке бой алдырса...

Ақорда
Президенттің пікірінше, жәй қателікке бой алдырғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал жемқорлыққа қарсы күрес қызметке өздеріне жүктелген міндетке сергек қарағаны жөн екендігі ескертілді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс, – деді Президент
.

Мемлекет басшысы өткен жылыту маусымы барысында болған оқыс оқиғалар, өрт және технологиялық апаттар мәселесіне баса мән берді. Президент төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою жұмыстарын қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттігіне назар аударды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады