Мәжілістің экс-депутаты Қуаныш Алпысбеков қайтыс болды

баспасөз қызметі
Қуаныш Алпысбеков Жоғары Кеңес депутаты, сонымен қатар, Мәжілістің екінші шақырылымында депутат атанып, бірқатар жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.

Елге танылған белгілі азамат, қайраткер тұлға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II шақырылған депутаты Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпустың атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Қуаныш Махмұтұлы айрықша қарым-қабілетінің, іскерлік қасиеті мен мол білімінің арқасында өте жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе, Жоғарғы кеңестің, Парламенттің депутаты болған кезде халықтың өзекті мәселелерін шешуде аянбай еңбек етіп, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және заңнамалық нығаюына зор ықпал етті. Өнегелі ісімен артында өшпес із қалдырған ардақты тұлғаның ақжарқын асыл бейнесі, отбасының, барша жақындарының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қуаныш Алпысбеков Жоғары Кеңес депутаты, сонымен қатар, Мәжілістің екінші шақырылымында депутат атанып, бірқатар жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды