Пробация қызметі жазасын өтеуден жалтарған әйелді ұстады

kaztag.kz
Тіркеу күніне келмей, тұрғылықты мекен жайын ауыстырғанын пробация қызметіне хабарламаған.

ШҚО бойынша ҚАЖД Шемонаиха аудандық пробация қызметі және Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларының бірлескен алғашқы іздестіру шараларын дер кезінде жүргізу арқасында, пробация қызметіне тіркеу күніне келмей, жасырынып жүрген сотталған азаматша "В" ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шемонаиха аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматша "В" сот үкімімен жүктелген міндеттерді бұзған. Пробация қызметіне тіркеу күніне келмей және тұрғылықты мекен жайын ауыстырғанын пробация қызметіне хабарламаған. Осыған орай, Шемонаиха аудық пробация қызметінің инспекторы сотталғанға алғашқы іздестіру іс шараларын жүргізді.

Қазіргі таңда, сотталған азаматшаға қатысты бас брстандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзған үшін сотталған азаматшаға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдау үшін ұсыныс: ҚР ҚАҚ 68 бабының 2 бөлігі, ҚР ҚК 44 бабы 3 бөлігі және ҚР ҚПК 476 бабы 1,3 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады