Қазақстанда мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

energosmi.ru
Жыл соңына дейін қосылады.

Елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жоба пилоттық режимде іске қосылды. Оған жеті мұнай өндіруші ұйым, төрт мұнай тасымалдаушы ұйым және үш мұнай өңдеу зауыты қосылған.

Ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған, - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде.

Ақпараттық жүйеге Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60%-нан астамын жүзеге асыратын компаниялар қосылады.

Республикада 2020 жылы 85,7 млн тонна мұнай өндірілді. 2021 жылға жоспар - 85,3 млн тонна.

2020 жылы мұнай өңдеу 15,8 млн тоннаны құрады (2021 жылға жоспар - 17 млн тонна).

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру - 11,5 млн тонна. 2021 жылы Қазақстанда 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін шығару жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды