Бұл туралы отбасы құндылықтарын насихаттау, гендерлік тендікті дамыту және отбасы институтын нығайту мақсатында "Отбасы құндылықтары – ортақ міндет" тақырыбында кәсіби медиатор, психологтын отбасылармен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Аталмыш кездесуге қаламыздын тақырыпқа қызығушылық танытқан және жаңа өмірге енді қадам басқалы жатқан отбасылар қатысты. Шара барысында мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, жұптар арасында тренинг өткізіп, кәсіби ақыл – кеңестерімен бөлісті.
Жалпы, мамандардың айтуынша төрт айлық көрсеткіш бойынша жыл басынан бері 1863 жұп отбасы құрса, өкінішке қарай соның 273-і ажырасты. Ажырасудың себебі тума-туыстар арасындағы түсініспеушіліктің пайда болуы және жас жұбайлардың бірін – бірі түсінбеуінен болады.
Осы орайда облысымызда гендерлік саясатты жүзеге асыру және отбасы институтын нығайту мақсатында күнделікті қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселең, қаламызда орналасқан "Анаға тағзым" орталығында кәсіби мамандар, медиатор мен психологтар ажырасу жолындағы немесе тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шегіп жүрген отбасылармен жұмыстанады. Жыл басынан бері орталық мамандары 600ге жуық отбасыға қолдау білдірді.
Орталықтын психологы Бибігүл Қалелдің айтуынша мамандардың көмегіне жүгініп келген отбасылардың басым бөлігі ажырасу жолында келе жатқан отбасылар.
Келген әрбір отбасының ажырасу себебін алып қарасақ, нақты себеп жоқ, алайда барлығы да отбасы ішіндегі түсініспеушіліктен басталады, - дейді.