Қазақстан жолдарында ауыр көліктерге уақытша шектеулер енгізілді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады.

Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 11:00 мен 21:00 сағат аралығында сақталады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр