Тоқаев Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді

Ақорда
Президентке жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын", делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды