Шымкентте карантин шаралары күшейтілді

liter.kz
Медициналық қарсы көрсетілімдері барларды қоспағанда, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған жұмысшылар жұмысқа жіберілмейді.

Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылдың 1 шілдесіндегі "Карантин режимін ұзарту және Шымкент қаласында коронавирус инфекцисының таралуын болдырмау жөніндегі шектеулі шаралар туралы" жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантин режимін және Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмайтын шектеулі шараларды эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап ұзартылсын, делінген құжатта.

Сонымен, адамдардың жаппай жиналуымен байланысты іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (туған күн, мерейтой, ас беру, құдалық, беташар және т.б.) Қалада 65 жастан асқан адамдардың жүруіне шектеу қойылған.

Медициналық қарсы көрсетілімдері барларды қоспағанда, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған жұмысшылар жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен бірге автовокзалдар мен автостанциялар, әдеттегідей жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.

Адам көп жүретін уақытында қоғамдық көлік санын арттыру бұйырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі