"Дельта" штамм балаларға жұға бастады – Алмаз Шарман

ашық дереккөздерден
Балалар арасында "дельта" штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады.

Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммын жұқтыра бастады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, "дельта" штаммын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

Балалар арасында "дельта" штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни, COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, "дельта" инфекциясын әлі егілмеген адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез-келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өздерінің иммундық жүйесі "дельта" нұсқасынан қорғай алады деп сенімділікпен айта алады. Ал вакцинацияланбағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендіктерін түсінулері керек, - деді Алмаз Шарман.

Ол сонымен бірге, пандемиямен күресудің жалғыз тиімді жолы вакцинация екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемде КВИ вакцинасының 3 млрд астам дозасы енгізілген, бұл 100 адамға шамамен 39 дозаны құрайды. Алайда, вакцинациямен негізінен АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінің халқы қамтылған. Қазақстанда тұрғындардың тек 17%-ы ғана вакцинаның бірінші компонентін алды.

Айта кетейік, бүгінде елордада 230 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 152 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды