Атырауда бір топ кәсіпкер шу шығарды. Олар 2013 жылы Үкіметтен жеңілдетілген пайызбен несие алмақ болып Жұмыспен қамту орталығына құжат өткізген. Барлығы жұмылып серіктестік құрған шағын бизнес өкілдері жалпы сомасы 60 миллион теңге болатын несие алған. Үй де, бар мүлігі де кепілдікте тұр. Қарыздан құтылса да шоттарының бәрі қара тізімге кеткен тұрғындар 2 жыл бойы әділ шешімге қол жеткізе алмай жүрген көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Олар серіктестік төрағасының бұл іске қатысы бар деп сөгеді. Кейіннен, кәсіпкерлер өз аттарынан 5 жылдық кепілдік шарт негізінен құжат рәсімделіп, орындарына әлдебіреулер қол қойып жібергенін білген. Сот сараптамасы аталған былықтың бетін ашқанымен, фемида өкілдері кәсіпкерлерді кінәлі деп тауыпты. Енді, олар қазынаға орта жолдан жетпей қалған 24 млн теңгені қайтаруға міндеттелді, дейді "Еуразия" бірінші арнасы.
Қанат Мұсабек, зардап шеккен кәсіпкер:
Кеше 25-де конференция болған кезде сізге қалай төлейміз дегенде олар квартал сайын руководитель КТ бізге жинап, аударып тұрады деді. Сонымен ол біздің төлеген ақшамызды аудармаған. Сотта ол анықталды сотта ол мойындады. 22 млн претензиядан ол 16 млн жеп қойған. Сот аяқталғанша сол 27 адамның 24 түгел төлеп бітірді ақшасын.
Ал, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері бұл істен хабардар. Бірақ, олар сот үкімінен аса алмай, заңгерлер кеңесіне жүгініп қана оңтайлы шешім шығаруға тырысамыз дейді. Серіктестік төрағасы болса шиеленіскен істің құжаттары күрделі, қарызы төленген кәсіпкерлерді тізімнен шығару ды басты назарға қоямыз деп ақталды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдерімен тілдесіп, келісімге келуге уәде берді.
Данияр Таханов, "Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ төрағасының бірінші орынбасары:
Аталған несиелер 2011-2012 жылдары берілді. Қайтару жөнінде проблема бар. Оның ішінде тағы осындай жағдайға алып келіп жатыр. Қазір аталған мәселе бойынша барлығын дұрыстап отырып сөйлесеміз. Шынын айтса бізге кісінің ақшаны алып кетіп қайтармауы ол нонсенс енді. Шынын айтқанда өте қиын жағдай сияқты болып көрінеді. Заңды түрде қолдағы жағдайларды қарап, шешуге тырысамыз.