Синоптиктер 3-5 шілде аралығындағы ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Аптап ыстықтың беті, әзірге қайтпайды деп болжанады.
Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде + 15 + 23 градус, күндіз + 35 + 40 градус, республикамыздың шығысында ауа температурасы түнде + 12 + 20 градустан + 17 + 25 градусқа дейін, күндіз + 27 + 35 градустан + 30 + 38 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-батыста, оңтүстік Қазақстанда түнгі температура + 20 + 28 градус, күндіз + 35 + 45 градусты көрсетеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Айта кетсек, төтеншеліктер аптап ыстықта үйде отыруға кеңес береді.