2 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа ережелердің бөлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен басқа мемлекеттік органдар және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, пысықталды.
Жаңа енгізілімдердің бірі кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бөлігінде заңнаманы ізгілендіру болып табылады.
Егер бұрын ірі залал келтірілген жағдайда салықтарды немесе басқа да міндетті төлемдерді төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қазір егер төленбеген салықтардың сомасы күнтізбелік жыл ішінде салық төлеушінің есептелген барлық салықтары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері сомасының 10% аспаса, жауапкершілікке тартылмайды.
Қазіргі таңда шағын қателіктен ірі кәсіпорындар ҚК-тің 245-бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан шектерге қосымша шарт қойылады. Егер 10% болмаса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Рейдерлік басып алуға қатысты ішкі корпоративтік басып алу тәсілдері бойынша нақтылаулар қосылған және санкциялар күшейтілген.
Мысалы, құқық қорғау, бақылаушы немесе сот органдарының ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып жасалған "сыртқы, күштік" рейдерліктің ауыр құрамы енгізілді.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру бөлігінде қылмыстық заңнама бұзушылықтардың түрлері бойынша нақты нормалармен толықтырылды.
Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жауапкершілігі күшейтіліп, бап ауырлығы аз қылмыстар санатынан орташа ауырлықтағы қылмыстарға ауыстырылды.
Бұл түзетулер бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға, рейдерлікке неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді және құқық қорғау органдары тарапынан бизнеске негізсіз араласу үшін жауапкершілікті күшейтпек.