Полицейлер мәз боп қалды: Жанпейісовтің жүні жығылды

kolesa.kz
Белсенді бостандыққа шықты, ол енді спортпен және жеке кәсібімен айналысады.

Әлеуметтік желіде полицейлердің жол ережесін бұзған сәтін жариялауымен танымал болған Жанпейісов (шын аты-жөні Бейбарыс Райымбеков) бір жыл бұрын 12 айға бас бостандығынан айырылған еді. Блогер бір жүргізушіні газ тапаншасымен атып, полиция қызметкерін балағаттады деп айыпталған, дейді kolesa.kz.

Былтыр желтоқсанда Жанпейісовтің жаза мерзімі жойылған, бірақ белсенді райынан қайтпағандықтан, прокуратураның өтініші бойынша бостандыққа шыға алмады.

Otyrar.kz хабарлағандай, жақында "полиция аңшысы" босатылып, бұрынғы әрекеттерінің еш мәні жоқ екенін мәлімдеді.

Спортпен айналысамын. Жеке кәсібім және отбасым бар. Жұмыс істеймін. Жақында достарыммен бірге мотоциклмен сапар шегеміз. Ал әлеуметтік жұмысқа келсек, онымен айналысудың еш мәні жоқ, енді тоқтатамын, – деді Жанпейісов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде