Қазір Абай мен Момышұлы қиылысындағы жол жөнделіп жатқан жердің биік қоршауы алынды, дейді kolesa.kz.
Бірақ асфальт даңғыл бойымен Сәдуақасов көшесіне дейін ғана төселген, яғни Яссауи көшесіне дейінгі жолдың үштен бір бөлігі ғана дайын деген сөз. Қалалық мобильділік басқармасы Момышұлынан Яссауиге дейінгі жол бөлігін 2021 жылдың соңына дейін ашуға уәде берді.
Жол жөндеушілердің ақпараты бойынша, қалған жол бөлігіндегі жер телімдері әлі сатып алынған жоқ. Жөндеу жұмыстары жол салынатын бүкіл аумақ коммуналдық меншікке өткеннен кейін басталады.
2020 жылы желтоқсанда шенеуніктер Абай даңғылының қалған бөлігін 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берген, болашақта даңғылды Үлкен Алматы айналма жолына қосу жоспарланып отыр.