Елімізде ковидке шалдыққан 815 науқас ауыр жағдайда жатыр

24kz
2021 жылы 12 шілдедегі жағдай бойынша, вакцинаның I компонентін 4 372 235 адам, II компонентін 2 442 715 адам алып үлгерді.

12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

12 шілдедегі жағдай бойынша 41 980 адам КВИ-дан ем-дом алып жатыр (40 545: КВИ+ және 1435: КВИ-), оның 13 568-і стационарда, ал 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+ және КВИ- науқастар арасында:
• ауыр жағдайда - 815 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 189 науқас,
• жасанды тыныс алу апппаратына қосылғандар - 126.

2021 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпарат

2021 жылы 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 40 жағдай тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 50 адам ауруынан сауығып кетті.

1 тамыздан бастап тіркелген жалпы жағдайлар - 57 900, қайтыс болғандар - 1032, ауруынан сауыққандар - 52 973.

2021 жылы 12 шілдедегі жағдай бойынша, вакцинаның I компонентін 4 372 235 адам, II компонентін 2 442 715 адам алып үлгерді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты