Мәжіліс депутаттары Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

баспасөз қызметі
Асхат Жарылқасынұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі болып жұмыс істеген білікті маман еді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өз атымнан және Мәжіліс депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын нығайтуға зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі - ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында ТМД елдері арасындағы Парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқасынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады, – деді Нұрлан Нығматулин.

Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі саласында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2017 жылғы қазанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды