Қазақстанда кейбір қалдық түрлерін өртеуге тыйым салынады

sputnik
Экология министрлігі өртеуге жатпайтын кейбір қалдықтардың тізімін жариялады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығы дайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, өртеуге жатпайтын қалдықтардың тізімі мынандай:

- жарылғыш, коррозиялы, тотықтырылатын, жоғары өрт қауіпті немесе от қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтар
- медициналық қалдықтар
- тұрақты органикалық ластауыштары бар қалдықтар
- пестицидтер
- құрамында сынабы бар қалдықтар
- электрондық және электр жабдықтарының қалдықтары
- уытты қалдықтар
- биологиялық қалдықтар
- құрылыс қалдықтары.

Аталып өткендей, бұйрық 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Құжат 30 шілдеге дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан еуропалық стандарттарға сай қалдық өрттеу орындарын салуды жоспарлап отыр. Олар төрт жыл ішінде Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбеде бой көтереді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме