Тоқаев кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

facebook.com
Атақты кардиохирург Серік Бекбосынов 20 шілдеде 41 жасында қайтыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды. Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, делінген жеделхатта.

Атақты кардиохирург Серік Бекбосынов 20 шілдеде 41 жасында қайтыс болды.

Серік Темірханұлы көз жұмар алдында COVID-19-ға шалдықпаған, бірақ ол 2020 жылы жазда ковид жұқтырып, емделген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті