Түркістан облысында карантиндік шектеулер күшейтілді

ашық дереккөздерден алынды
Түркістан облысында демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15 Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №16 Қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулы ​22 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.
18-ші шілде күнгі эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша Түркістан облысы сары аймаққа кірді. Жағдай тұрақталғанға дейін қолданыстағы қаулыға төмендегідей өзгерістер енгізілді.

"Ashyq" жобасына қатысқанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері:

Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамхана, кафе, асханалар), банкет залдары, жазғы алаңдар, қоғамдық көлік, балалар ойын алаңдары (ашық ауа, жабық нысандарда), аттракциондар, батуттар, сұлулық салондар (косметологиялық қызметтер), туристік базалар, демалыс үйлері, бассейндер, монша, сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке, боулингтердің қызмет көрсетуіне тыйым салынды.

Сондай-ақ, ашық және жабық базарлар сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Өңірде вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан күшейтілген карантин талаптарына түсіністікпен қарай отырып, оны қатаң сақтауды сұраймыз! ​​​​​​​​​Міндетті түрде маскалық режим, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау керек екендігін еске саламыз, делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты