Қазақстанда цемент импортынан тыйым алынып тасталды

pixabay.com
Отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірде бұйрық шыққан еді.

Қазақстанда цемент импортынан тыйым алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 23 шілдеден бастап Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым алынып тасталды. Осылайша, цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементтер (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2523100000, 2523290000, 2523300000, 2523900000) үшінші елдерден жеткізіле алады. Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімдерінің бағасы төмендейді, делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетсек, отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі №216 бұйрық шығарған еді. Алайда, қоғамда цемент бағасының өсуіне және оның ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселелер пайда болды. Осыған орай министрлік сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына аталған тыйымды жою туралы бұйрық жобасын ұсынды.

Үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйымды жою туралы бұйрық аккредиттелген ұйымдармен келісіліп, қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алғанын айта кету керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді