Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы тағайындалды

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Мұрат Теміржанов келді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Қарашөкеевтің бұйрығымен АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 30 маусымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Аталмыш заң жердің пайдаланылуы мен қорғалуы бағытындағы мемлекеттік бақылау функцияларын Астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның құзіретіне қайтаруды көздейді, делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды