Алматы облысында энергетика саласының лауазымды тұлғалары пара алды

zakon.kz
Тергеу жалғасуда.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінді.

Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі