Қазақстанда КВИ-дан көз жұмғандардың жалпы саны 5700-ге жетті

29 шілдедегі жағдай бойынша, 90 767 адам КВИ-дан ем-дом алып жатыр.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 29 шілдедегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Келіп түскен мәліметтер бойынша, 81 адам COVID-19-дан, 16 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

29 шілдедегі жағдай бойынша, 90 767 адам КВИ-дан ем-дом алып жатыр (88 495+ және 2 272-), оның 25 714-і ауруханада, ал 65 053 науқас амбулаторлық деңгейде ем алуда.

КВИ+ және КВИ - науқастар арасында:

ауыр жағдайда - 1 573;
өте ауыр жағдайда - 332;
жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 154 науқас.

29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпарат
27 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 262 жағдайы тіркелді, 16 адам қайтыс болды, 121 адам емделіп, сауықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап 60 280 жағдай, 3 676 кісі өлімі тіркелді, емделіп, сауыққандардың жалпы саны - 54 332.

2021 жылдың 28 шілдесіндегі жағдай бойынша Қа,зақстанда 5 275 626 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 535 508 адам екінші компонентін алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: