Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері жиналып қалды

Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстанға Қырғызстаннан бір тәулікте орта есеппен300-350 автокөлік құралымен тауар жеткізіледі.

Қазақстан-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының жиналуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – "Қарасу") алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды.

Осыған байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып табылады.


Жалпы, қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарларды әкелу жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі